Управляющие проектами,
обеспечивающие их выполнение,
становятся важнейшими людьми на земле.
Джоэл Коппельман
     РУС   ҚАЗ   ENG
Компания туралы Оқыту Консалтинг Сертификаттау Одақ мүшелері Қатысушылар Байланыс
Бас бет Тiркелу Қатысушылар Сайт картасы
 

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
Абылай хан даңғылы, 79, 312 оф.
Тел.: +7 727 279 87 46, 279 33 05, 292 90 71
Факс: +7 727 279 33 05, 292 90 71
E-mail: spmrk@pmi.kz, spmrk@mail.ru
Web: www.spmrk.kz
2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Жобалау менеджерлерінің Одағы РМІ - Жобалау менеджмент Институтында (АҚШ, Пенсильвания) REP Provider ID:2758 ретінде тіркелді. Бұл Одақ үшін үлкен мәртебе, өйткені Жобалау менеджмент Институты бізді өзінің әріптесі ретінде танып, ал өткізіп жатқан семинарларды жоғары деңгейде деп бағалағаны.
Қазақстан Республикасының Жобалау менеджерлерінің Одағы 2003 жылы Қазақстанда өткен Тұңғыш Халықаралық Симпозиум шешімімен құрылды. Ассоциацияның құрамында 24 компания мен ұйымдар бар. Қазақстан Республикасының Жобалау менеджерлерінің Одағы - коммерциялық емес ұйым. Халықаралық басқару стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін Ассоциацияның есігі өзіне мүшелікке өтем деушілерге әрқашан ашық.
Ассоциацияның басты мақсаты
Жобаларды басқарудың халықаралық стандарттарын қолдану маңызын артттыра отырып, оны ҚР экономикасының әр саласында жүзеге асуына ықпал ету.
Ассоциация қызметінің негізгі бағыттары
1 Жобалар мен бағдарламаларды басқару саласындағы әлемдік жетістіктерді насихаттау
2 Қазақстанда кәсіби жобалау менеджерлерінің қалыптасуына ықпалдасу
3 Қазақстанда жобалау менеджментін Жобалау менеджменті Институтының стандарты негізінде нақты қолдау
4 Жобаларды басқару саласында жаңа тұғырнамалар, әдістемелер мен үлгілерді әзірлеу
5 Жобаларды басқару саласында маман даярлау жүйесін құру
6 Мемлекеттік басқару органдары мен экономиканың әр түрлі салалары – ғылым, білім беру, шағын және орта бизнес және жобаларды басқару саласындағы ұлттық инфрақұрылымды құру ісіне қызығушылық танытқан тұлғалар арасындағы байланыс пен әріптестікті дамытуға ықпал ету.
7 Қазақстандық және әлемдік тәжірибені ескере отырып жобаларды басқару бойынша ұлттық стандарттарды дайындауға қатысу.
Жобаларды басқарудың жаңа заманғы технологияларын қоғамның барлық салаларына енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Жобалау менеджерлерінің Одағы РМІ - Жобалау менеджмент Институтының Санкт-Петербургтік бөлімімен бірлесе отырып тренингтер өткізеді, сонымен қатар жобаларды басқару бойынша корпоративті тренингтер өткізеді.
Біздің тренингтерде мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың басшылары қатысты.
Корпоративті тренингтерде – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, АҚ ҰК «Қазахстан Ғарыш сапары», «Транс Азия Констракшн» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы», «ҰК Сарыарқа» ӘКК, «Тұран Әлем Банкі» АҚ, «Алкател» ЖШС, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, «Folding Spase» ЖШС, «Ұлар Үміт» АҚ, «Даму»Қоры АҚ, «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Астана Финанс» ШКҰ;
Ашық тренингтерде -
«ҚР Инвестициялық Қоры» АҚ, «ПетроҚазақстан» АҚ, «Алтыналмас» ЖШС, «ВЕК Корпорациясы» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «GSM Kazakhstan» Компаниясы, «КаР-Тел» ЖШС, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы», «New Age Technologies» АҚ, ҚР Шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығы, «Каз Мунай Тениз» АҚ, « Казгермунай БК» ЖШС, «Глотур» АҚ, ҚазҰТУ, «Астана-финанс» АҚ, «Real Soft» ЖШС, «Алтел» АҚ, «ИСТП» ЖШС, «КазГИС Центр» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Центр Кредит банкі» АҚ және т.б.
2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жобалау менеджерлерінің Одағы Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-мен бірлесе отырып «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша аталған Оқу орнында Магистратура ашты. РМР сертификатын алуға дайындық жүргізеді. 2006 жылдан бері стратегиялық көрсеткіштер жүйесін енгізу бойынша тренингтер мен кеңес берулерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Жобалау менеджерлерінің Одағы кәсіби шеберлік, сенім, өзара құрметті негізге ала отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет етді.

ТЕСТІЛЕУ

ҚАШЫҚТАН КЕҢЕС БЕРУ

МЕНЕДЖЕРДІҢ ЖҰМЫС КАБИНЕТІ

КІТАПХАНА


 :
  : 48846
  : 84
  : 3