Управляющие проектами,
обеспечивающие их выполнение,
становятся важнейшими людьми на земле.
Джоэл Коппельман
     РУС   ҚАЗ   ENG
Компания туралы Оқыту Консалтинг Сертификаттау Одақ мүшелері Қатысушылар Байланыс
Бас бет Тiркелу Қатысушылар Сайт картасы
 
Желтоқсанда Ақтөбе облысында 65,5 млрд. теңгенің инвестициялық жобалары бойынша 99 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр

2008 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе облысында жалпы сомасы 65,5 миллиард теңгенің инвестициялық жобалары бойынша 99 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ішкі саясат департаментінің ақпараты бойынша, 99 жобаның ішінде – 19 өнеркәсіптік, 23 - инфрақұрылымдық, 21 шағын бизнес нысандары бар. Іске қосылатын өндірістер 3,9 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді деп күтілуде. Олардың қатарында Жаңажол ГТЭС-45 нысаны, «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» аймақаралық электр желісі, сондай-ақ жақында іске қосылған «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің кен байыту фабрикасының екінші кезеңі мен базальт талшықтарын өндіру зауыты, т.б. бар. Ал әлеуметтік салаға келер болсақ, желтоқсан айында 17 білім ошағын, 10 денсаулық сақтау нысанын, 6 – мәдениет, 3 көлік инфрақұрылымдарын пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде Ақтөбе облысында 13 миллиард доллар соманың 180 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақта жалпы көлемі 5,1 миллиард доллар соманың бірқатар серпінді жобалары жүзеге асырылуда.
артқа

ТЕСТІЛЕУ

ҚАШЫҚТАН КЕҢЕС БЕРУ

МЕНЕДЖЕРДІҢ ЖҰМЫС КАБИНЕТІ

КІТАПХАНА


 :
  : 155840
  : 31
  : 6